jasqazaq.kz

Футболдан Чемпиондар лигасы: Ширек финалға шыққан тағы 2 команда анықталды

10 наурыз 2022, 10:03

Футболдан UEFA Чемпиондар лигасының ширек финалына шыққан тағы екі команда анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Англияның «Манчестер Сити» командасы өз алаңында Португалияның «Спортинг» клубымен 0:0 есебімен тең түсті. Ал Испанияның «Реал Мадриді» өз алаңында Францияның «Пари Сен-Жермен» командасын 3:1 есебімен жеңді. Бірінші кездесуде «Манчестер Сити» «Спортингті» 5:0 есебімен жеңсе, «Реал Мадрид» «Пари Сен-Жермен» командасына 0:1 есебімен есе жіберген еді. Қос ойынның нәтижесімен «Манчестер Сити» мен «Реал Мадрид» 1/4 финалға жолдама алды. Еске салсақ, бұдан бұрын мұндай мүмкіндікке «Бавария» (Германия) мен «Ливерпуль» (Англия) командалары ие болды. Енді 15 наурызда «Манчестер Юнайтед» (Англия) пен «Атлетико Мадрид» (Испания), «Аякс» (Нидерланды) пен «Бенфика» (Португалия) жасыл алаңға шығады. Ал 16 наурызда өз алаңында «Ювентус» (Италия) пен «Вильярреал» (Испания), «Лилль» (Франция) және «Челси» (Англия) шеберлік байқасады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде