jasqazaq.kz

Футболдан Чемпиондар лигасы: «Манчестер Юнайтед» алғашқы кездесуінде тең түсті

24 ақпан 2022, 10:32

Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы 1/8 финалының алғашқы ойындары мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл күні «Бенфика» (Португалия) мен «Аякс» (Нидерланды), «Атлетико Мадрид» (Испания) мен «Манчестер Юнайтед» (Англия) командалары кездесті.

«Бенфика» мен «Аякс» кездесуінде 2:2 есебі тіркелді. Ойын барысында нидерландтық клубтан Душан Тадич 18-минутта есеп ашты. Ал 26-минутта оның командалас әріптесі Себастьен Аллер автогол авторы атанса, ол 29-минутта өзінің қатесін түзеп, қарсыластар қақпасына гол соғып кетті.

«Бенфика» сапынан Роман Яремчук 72-минутта қорытынды есепті белгіледі. «Атлетико Мадрид» пен «Манчестер Юнайтед» командалары 1:1 есебіне қанағат білдірді. Ойын барысында испаниялық клубтан Жоау Феликс есеп ашса, оған ағылшындық командадан Энтони Эланга 80-минутта бір голмен жауап қайырды.

Айта кетсек, 22 ақпанда «Вильярреал» және «Ювентус» 1:1 есебімен тең түссе, «Челси» өз алаңында «Лилль» командасын 2:0 есебімен тізе бүктірді. Сондай-ақ, 15 ақпанда «Пари Сен-Жермен» (Франция) «Реал Мадрид» (Испания) командасын 1:0 есебімен тізе бүктірсе, «Спортинг» (Португалия) өз алаңында «Манчестер Сити» (Англия) клубынан 0:5 есебімен ойсырай жеңілді. 16 ақпанда өз алаңында «Интер» (Италия) «Ливерпуль» (Англия) командасына 0:2 есебімен есе жіберсе, «Ред Булл Зальцбург» (Австрия) және «Бавария» (Германия) ойынында 1:1 есебі тіркелді. Енді қарымта кездесулер 8-9 және 15-16 наурыз күндеріне белгіленген.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде