jasqazaq.kz

Футболдан Әлем чемпионатын қайдан көруге болады?

14 маусым 2018, 10:19

Бұл, 14 маусым күні Ресей Федерациясында футболдан 21-інші Әлем чемпионатының ресми ашылуы өтеді. «Qazaqstan» телеарнасы шараны тікелей эфирден көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Чемпионаттың ашылу салтанаты Мәскеудегі «Лужники» стадионында өтеді. Оған FIFA президенті Джанни Инфантино, Ресей басшысы Владимир Путин, Қазақ­­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен өзге де бірнеше мемлекеттің басшылары қаты­сатыны күтілуде. Әлемдік кіл мықты командалардың кездесуі 14 маусым — 15 шілде аралығында Ресейдің 11 қаласында өтеді, атап айтқанда, Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Сочи, Волгоград, Екатеринбург, Калининград, Нижний Новгород, Ростов-на-Дону, Самара және Саранск. Чемпионатқа әлемнің 32 үздік ұлттық құрамалары қатысады. Айта кетейік, Ресей өз тарихында тұңғыш рет Әлем чемпионатын ұйымдастыру мүмкіндігіне ие болды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, қазақстандықтар FIFA- 2018 ойындарының ашылу салтанаты (астана уақытымен 20.30) мен чемпионаттың Ресей мен Сауд Арабиясы арасындағы (астана уақытымен 21.00) алғашқы матчын «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей көре алады. Ал Астана тұрғындары мен қонақтары үшін оны ашық аспан астында — «Қазмедиа» орталығының үлкен экранынан тамашалау мүмкіндігі бар. Әлемдік дода аясында өтетін 60-тан астам матчты «Qazaqstan» мен «Qazsport» арналары түгелдей тікелей эфирден көрсететін болады. Айта кетерлігі, футболдан Әлем чемпионатының 1/8 финалы 30 маусым күні, ал қазақстандықтар Астана күнін тойлап жататын 6 шілде күні — ширек финал басталады. Жартылай финал 10-шы және 11-ші шілде күндері, финал 15 шілде күні өтеді.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді