jasqazaq.kz

Футболдан әлем чемпионаты-2022: Қазақстан Босния және Герцоговинамен тең түсті

08 қыркүйек 2021, 10:14

Бүгін футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу сатысында төртінші ойынында Қазақстан сырт алаңда Босния және Герцоговинамен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгінгі кездесуде алаң иелері алғашқы минуттан тізгінді өз қолына алуға тырысты. Қос қанаттан бірнеше мәрте шабуыл ұйымдастырды. Оған қазақстандық футболшылар лайықты тойтарыс берді. Осылайша бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ. Екінші кезеңде босниялық құрама алға қарай ұмтылды. Десе де қарсы шабуыл ұйымдастырған қазақстандық құрама есеп ашып кетті. Оны 51-минутта жартылай қорғаушы Исламбек Қуат өзінің еншісіне жазды. Ал 74-минутта Қазақстан құрамасының қақпасына пенальти белгіленді. Оны босниялық Миралем Пьянич мүлт жіберген жоқ. Оның әріптесі Лука Менало 85-минутта бұрыштамадан әуелете берілген допты қақпада тулатты. Ойынның 94-минутында қазақстандық Бактиёр Зайнутдинов таразы басын теңестірді. Осылайша Қазақстан қарсыласымен 2:2 есебімен тең түсті.

Сондай-ақ, бүгін аталған топта Франция өз алаңында Финляндиядан 2:0 есебімен басым түсті. Айта кетейік, қазақстандық құрама іріктеу сатысында D тобында сынға түседі. Қарсыластары — Франция, Украина, Босния және Герцоговина, Финляндия. Енді алдағы ойын 9 қазанда жалғасады. Бұл күні Қазақстан өз алаңында Босния және Герцогви

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді