jasqazaq.kz

Футболдан әйелдер құрамасының бас бапкері –өмірден озды

18 тамыз 2020, 15:45

Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бас жаттықтырушысы Разия Нүркенова кенеттен қайтыс болды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Разия Төлеуқызы Нүркенова 52 жастан асқан шағында кенеттен көз жұмған. Бұл есім мамандар мен жанкүйерлер арасында кеңінен танымал. Ол кезінде ұлттық құраманың алғашқы шабуылшысының бірі болған еді.

Р. Нүркенова спорттық мансабын қарағандылық «Олимп» әйелдер футбол клубында бастаған. Бұл командада ол 1987-1991 жылдардың аралығында ойын көрсетті. Команда капитаны міндетін атқарды. 1992 жылы Ресейдің Самара қаласының ЦСКА ВКС футбол клубына ауысып, онда 2001 жылға дейін шабуыл шебіндегі жартылай қорғаушы болды.

Р. Нүркенова кезінде КСРО, ТМД, Қазақстан және Ресей құрамаларына да шақырылған. Спортшылық мансабы аяқталғаннан кейін футбол төрешісі болса, кейіннен бапкерлік қызметпен айналысты. Футболдан Қазақстан және Ресей спорт шебері.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия