
УЕФА ресми сайты футболдан 2022 жылғы әлем чемпионаты іріктеу турнирінің кестесін жария етті.
Қазақстан ұлттық құ рамасы D тобында алғашқы матчын 2018 жылғы әлем чемпионы Франциямен өткізеді. Аталмыш топтағы матчтардың толық кестесі мынадай:
28.03.2021 Қазақстан — Франция
31.03.2021 Украина — Қазақстан
01.09.2021 Қазақстан — Украина
04.09.2021 Финляндия — Қазақстан
07.09.2021 Босния және Герцеговина — Қазақстан
09.10.2021 Қазақстан — Босния және Герцеговина
12.10.2021 Қазақстан — Финляндия
13.11.2021 Франция — Қазақстан.
Әр топта жеңімпаз атанған команда 2022 жылы Катарда өтетін әлем чемпионатына бірден жолдама алады. Екінші орынға ие болған құрамалар қосымша матчтарда бақ сынайды.
ҚазАқпарат