Футболдан Польша чемпионатындағы «Леги» мен «Кракови» клубтарының ойынында қызықты жағдай орын алды. Бас төреші Петр Ласык ойынның 74-ші минутында «Леги» жартылай қорғаушысы Вильям Ремиге екінші сары қағаз көрсеткен болатын. Осыдан кейін төреші эпизодты қайта қарауды ұйғарады. Ойынды қайта көрген төреші екінші берген сары қағазын қайтып алады. Бұған қуанған Реми алаңға қуана оралады. Бірақ қуанышы ұзаққа созылмады. Төреші ойыншыға тікелей қызыл қағаз көрсетіп алаңнан қуды.
Дереккөз: day.az