jasqazaq.kz

Футбол: Қазақстан қыздары Өзбекстан құрамасымен тең түсті

18 шiлде 2018, 11:04

Бішкекте футболдан басталған «Үміт» халықаралық турнирінің алғашқы ойынында 17 жасқа дейінгі Қазақстан мен Өзбекстанның қыздар құрамалары кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Футбол федерациясы таратқан мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстан қыздар құрамасы кездесудің оныншы минутында есеп ашты. Гол соққан Қазақстан құрамасының капитаны — Лейла Садықова. Өзбекстан құрамасы араға он минут салып таразы басын теңестірді. Көзге түскен Камола Эркинова болатын. Екінші тайм толықтай Қазақстан құрамасының басымдығымен өтті. Кездесудің 72-минутында Қазақстан құрамасының капитаны Лейла Садықованың гол соғатын мүмкіндігі болды. Ал, ойынның соңғы минутында Сабина Махаматова тура соққы жасады. Екі сәтте де соққыны кездесудің үздік ойыншысы атанған Өзбекстан құрамасының қақпашысы Ангелина Полюшкевич қайтара білді. Орынбасар Дәуренбекованың шәкірттері келесі ойынын 19 шілде күні Қырғыз Республикасының құрамасына қарсы өткізеді. Матч Астана уақытымен 18:00-де басталады. Қазақстан — Өзбекстан — 1:1 (1:1) Голдар: Л.Садықова 10 — Еркинова 21 Қазақстан: Оразбекова, Шолақова, Ташмет (Әбілғазиева 85), Иванова, Кенжетай, Л. Садықова (к), Әйтімбетова, А. Шалмұқанбетова (Махаматова 80), Бурова, Ф. Исмаилова, Көпжанова (Хасенова 52).

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді