
Бүгін Швейцарияның Ньон қаласында футболдан UEFA Чемпиондар лигасы 1/8 финалдық кезеңінің жеребесі тартылды.
Жарыстың аталмыш сатысында барлығы 16 команда сынға түседі. Бұл командалар төмендегіше жұп құрады:
«Боруссия Дортмунд» (Германия) мен ПСЖ (Франция),
«Реал Мадрид» (Испания) мен «Манчестер Сити» (Англия),
«Аталанта» (Италия) мен «Валенсия» (Испания),
«Атлетико Мадрид» (Испания) мен «Ливерпуль» (Англия) командалары кездеседі.
Сондай-ақ, «Челси» (Англия) мен «Бавария» (Германия),
«Лион» (Франция) мен «Ювентус» (Италия),
«Тоттенхэм» (Англия) мен «РБ Лейпциг» (Германия),
«Наполи» (Италия) мен «Барселона» (Испания) командалары кездеседі.
ҚазАқпарат