jasqazaq.kz

Футбол: «Челси» суперкубок иегері атанды

12 тамыз 2021, 10:10

Бүгін UEFA суперкубогының жеңімпазы анықталды. Аталған кездесу Солтүстік Ирландияның Белфаст қаласындағы Уиндзор Парк стадионында өтті. Биыл Англияның «Челси» клубы Чемпиондар лигасында топ жарса, «Вильярреал» Еуропа лигасында кубокты төбесіне көтерді. Бүгінгі кездесу барысында ағылшындық клуб өздерінің басымдығын байқатты. Ойын басынан тізгінді қолға алуға тырысты. Нәтижесінде 27-минутта Хаким Зиеш мергендік танытып, «Челсиді» алға шығарды. Ойынның 73-минутында «Вильярреал» ойыншысы Жерар Морено таразы басын теңестірді. Осылайша кездесу қосымша кезеңге ұласып, онда да жеңімпаз анықталған жоқ. Пенальти тебуде «Челсидің» жолы болып, суперкубок иегері атанды. Айта кетсек, бүгінгі күнге дейін аталған турнирде Испанияның «Барселона» және Италияның «Милан» командалары бес-бес мәртеден жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, Испанияның «Реал Мадрид», «Атлетико Мадрид», Англияның «Ливерпуль», Голландияның «Аякс» командалары үш-үштен, Бельгияның «Андерлехт», Испанияның «Валенсия» және Италияның «Ювентус» командалары екі-екіден жеңімпаз тұғырынан көрінген еді. Ал 15 команда бір-бір мәртеден суперкубокты төбесіне көтерді. Мұндай мәртебеге соңғы рет «Челси» 1998 жылы қол жеткізген болатын.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия