jasqazaq.kz

Футбол: «Бавария» UEFA суперкубогының иегері атанды

25 қыркүйек 2020, 10:19

«Бавария» UEFA суперкубогының иегері атанды.

Бүгін суперкубок ойынында Германияның «Бавария» және Испанияның «Севилья» командалары кездесті. Естеріңізге сала кетелік, биыл «Бавария» Чемпиондар лигасында жеңімпаз атанса, «Севилья» «Севилья» Еуропа лигасында үздік болды. Бүгінгі кездесуде испан футболшылары алғашқы болып есеп ашты. Ойынның 13-минутында Лукас Окампос пенальтиден мүлт кеткен жоқ. Ал 34-минутта «Бавария» футболшысы Леон Горецка таразы басын теңестіріп кетті. Ойынның қалған бөлігінде есеп өзгерген жоқ. Қос команда 1:1 есебіне қанағат білдірді. Осылайша кездесу қосымша кезеңге ұласты. «Бавария» сапынан Хави Мартинес 104-минутта қарсылас команда қақпашысын қапы қалдырды. Сонымен ойында неміс клубы 2:1 есебімен басым түсті. Суперкубок 1972 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. «Бавария» 2013, «Севилья» 2006 жылы бір-бір мәртеден аталған кубоктың иегері атанған болатын. Әзірге оны иелену жөнінен Испанияның «Барселона» және Италияның «Милан» командалары көш бастап тұр. Олардың еншісінде бес-бестен кубок бар.

ҚазАқпарат

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық