
Бүгін «Барыс» құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті кездесуін өткізеді. Елорда командасы Новосібір қаласында жергілікті «Сібірмен» айдынға шығады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ойын Астана уақытымен кешкі 18:30-да басталады. Қазақстандық фристайлшы Ақниет Жантілеуова шаңғы акробатикасынан Еуропа кубогының қола жүлдегері атанды. Құрлық кубогының төртінші кезеңі Мәскеудегі Воробьев тауында өтті. Қазақстан жастар құрамасы ауа райының қолайсыздығына қарамастан сәтті өнер көрсетті. Еліміздің атынан бұл сайысқа бес спортшы қатысып, 14 жастағы Ақниет Жантілеуова үздік үштіктен орын алды. Ол бұл медалін Қазақстандағы жастар жылының ашылуына тарту етті. Еуропа кубогының келесі кезеңі Минскіде 15-17 ақпан аралығында өтеді. Ақниет Жантілеуова, фристайл акробатикадан Еуропа кубогының қола жүлдегері: — Мен 14 жастамын, фристайл спортына 3 жыл қатысып жүрмін. Бұл жерде қатты ұнайды. Мен Еуропа кубогы жарыстарында бірінші рет орын алдым. Руслан Аблятифов, фристайлдан Қазақстан құрамасының жаттықтырушысы: — Биыл Қазақстанда жастар жылы. Сондықтан Мәскеудегі Еуропа кубогының кезеңіне жастар құрамасының спортшыларын әкелдік. Келесі жарыстарда олар бұдан да жақсы өнер көрсетеді деген үміттеміз. Еуропа кубогының барлық кезеңдеріне қатысып шығу жоспарда бар.