jasqazaq.kz

Францияда «сары жейделілер» тағы шеруге шықты

13 қантар 2019, 12:35

Францияда «сары жейделілер» тағы да наразылық шарасын өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған бүкіл ел аумағында 84 мыңнан астам адам қатысты. Шеру әдеттегідей бейбіт басталып, соңы полициямен қақтығысқа ұласты. Салдарынан 24 адам жарақат алып, 240 шеруші қамауға алынды. Олардың 156-сы Парижде тұтқындалған. Шерушілер бұл жолы да президент Макронның биліктен кетуін талап етті. Еске сала кетейік, Францияда «сары жейделілер» наразылығы қараша айының ортасында басталған еді. Билік бірер аптадан кейін шерушілердің талабын орындап, жанармай салығын көтеруге шектеу қойды. Алайда халық енді үкіметтің отставкаға кетуін талап етуде. Ал соңғы мәліметке қарағанда қараша айынан бері жалғасып келе жатқан шерулерден 10 адам қаза тауып, 1500-нан астам тұрғын жарақат алған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде