jasqazaq.kz

Францияда қазақ киносының классикасына айналған туындылар көрсетіледі

17 желтоқсан 2020, 12:48


Биыл Францияда онлайн форматта өтетін Қазақстан киносының фестивалі аясында қазақ киносының классикасына айналған туындылар көрсетіледі.

Бұл туралы  ҚазАқпарат «Қазақфильм» киностудиясына сілтеме жасап хабарлады. Ретроспектива шеңберінде қазақ киносының алтын қорына енген 14 кинотуынды фестивальдің ресми сайтында ұсынылады. Фильмдер 2020 жылы 16 желтоқсаннан бастап 2021 жылдың 4 қаңтарына дейін ашық көрсетілімде болады. 1938 жылы түсірілген «Амангелді» фильмінен бастап 1994 жылы жарыққа шыққан «Көзімнің қарасы» картинасына дейінгі барлық фильм хронологиялық ретпен түпнұсқа тілде (француз тілінде субтитрлері бар) көрсетіледі. Франциядағы Қазақстан киносы классикасының ретроспективасы 71-ші Канн кинофестивалінде Алтын пальма бұтағының иесі, актриса Самал Еслямованың қамқорлығымен өтеді. Фестивальдің құрметті президенті – режиссер Сергей Дворцевой. Қазақстандық киноның Француздық қауымдастығы мен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы және ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп ұйымдастырған іс-шара Тәуелсіздік күніне орайластырылған.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия