jasqazaq.kz

Францияда қайта локдаун жарияланды

29 қазан 2020, 11:29

Коронавирус індеті кең етек жайған Францияда қайта локдаун жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елдің барлық аумағы бойынша енгізілген қатаң шектеу шаралары ертеңнен бастап желтоқсан айының біріне дейін өз күшінде. Бұл туралы президент Эмманюэль Макрон халыққа жолдаған телеүндеуінде жария етті. Жаңа талаптарға сәйкес енді тұрғындар тек жүгіруге, жұмыс пен мектепке, дүкен мен ауруханаға немесе мемлекеттік ұйымдарға ғана бару үшін сыртқа шыға алады. Оның өзінде арнайы рұқсат қағазы болуы тиіс.

Балабақшалар мен мектептер жұмысын жалғастыра береді. Студенттер болса, сабағын онлайн форматта оқымақ. Ал, кафе, мейрамхана, мәдени және ойын-сауық мекемелер уақытша жабылатын болады. Айта кетейік, қазір Францияда бір тәулікте тіркелген науқастардың саны 30 мыңнан асып отыр. Мамандар «бұл көрсеткіш 5 мыңға дейін азайғанда ғана қатаң шектеу шараларын жеңілдетуге болады» дейді.

Эмманюэль Макрон, Франция президенті:

— Еуропаның өзге елдеріндегі жағдай бізде де туындады. Францияда қауіпті вирус тез тарай бастады. Күн суыған соң да коронавирус үдеп келе жатқан болар. Жағдайдың ушыға түскеніне бәріміз де алаңдап отырмыз. Кей елдер бізден де қатаң шараларды қабылдаған екен. Індеттің екінші толқыны біріншісінен де қиын болуы ықтимал деген де болжам бар.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия