jasqazaq.kz

Франция тыңшылық жасады деген күдікпен 6 ресейлік дипломатты елден шығарды

12 сәуiр 2022, 10:02

Франция тыңшылық жасады деген күдікпен алты ресейлік дипломатты елден шығарды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Францияның Сыртқы істер министрлігі ішкі барлау агенттіктері жүргізген тергеу нәтижесінде Францияның ұлттық мүдделеріне қайшы әрекет етті деген қорытындыға келген алты ресейлік дипломатты тыңшы деп жариялады.

«Ұзақ уақытқа созылған тергеу нәтижесінде Ішкі қауіпсіздік бас дирекциясы (DGSI) ресейлік барлау қызметтерінің біздің аумақта жүргізген жасырын операциясын әшкереледі», — делінген хабарламада.

«Ресей тиісті түрде жауап береді», — деді Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарова.

Еске салайық, осы айдың басында Франция Ресейдің Украинаға басып кіруіне жауап ретінде 35 ресейлік дипломатты елден шығарған болатын.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде