jasqazaq.kz

Франция-Қазақстан сауда-өнеркәсіп палатасы Алматыда 5 жылдық мерейтойларын атап өтті

23 қыркүйек 2021, 15:33

Франция-Казахстан сауда-өнеркәсіп палатасы (CCIFK) 2021 жылдың 10 қыркүйегінде Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік музейде өздерінің 5 жылдық мерейтойларын атап өтті. Мерейтойға Францияның Қазақстандағы елшісі Дидье Канесс мырза, Францияның Алматыдағы бас консулы Алексис

Шахтахтинский, француз кәсіпорындарының өкілдері және жергілікті билік қатысты.

Қазақстан Францияның Орталық Азиядағы тұңғыш экономикалық серіктестігі саналады.

Елдер арасындағы сауда айналымы 2,6 млрд долларды құрайды. Франция Қазақстанның 8-ші жеткізушісі (нарық үлесі 2,2%) және Қазақстанның 8-ші клиенті (нарық үлесі 4%) болды.

Франция-Қазақстан сауда-өнеркәсіп палатасы (CCIFK) 2016 жылдың көтемінде Қазақстандағы Франция Елшілігінің қолдауымен құрылған. 2017 жылы ол CCl France lnternational – Француз сауда палаталарының халықаралық желісіне қосылды. CCIFK алуан түрлі француз және қазақстандық экономикалық өкілеттіктерден құралған, французтілді және франкофил бизнес-қауымдастықтар мен Қазақстанның бизнес-қауымдастығы арасында ақпарат алмасуды және қарым-қатынас орнатуды қамтамасыз ететін платформа ретінде құрылған ортақ мүдделер қауымдастығы болып табылады.
Палата көбіне Қазақстанда қызмет ететін француз компаниялары секілді 50-ден астам мүшеден тұрады.

CCIFK француз қауымдастығын Қазақстан Республикасының инвестициялық және экспорттық мүмкіншіліктерімен таныстырады, Қазастандағы шетелдік жұмыс күшін жұмылдыру, бюджеттік саясат, әлеуметтік бақылау секілді тағы басқа салаларға қатысты қолданыстағы және жаңа заңдарын түсіндіреді, Қазақстан азаматтарының (білікті мамандардың) Қазақстандағы француз кәсіпорындарына жұмысқа тұруын қамтамасыз етеді.
CCIFK өткізетін іс-шаралардың ішінде Палатаның МҮШЕ-КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ қатысуымен француз жоғары білімін алған жас қазақстандық түлектер үшін өткізілетін жыл сайынғы «Карьера» салоны ерекше танымал.

2019 жылы CCIFK Франция мен Қазақстан арасындағы экономикалық қарым-қатынастың ірі ойыншысы екенін дәлелдеп, француз бизнес-қауымдастығының ынтымақтастығы үшін теңдессіз болды. Палата мүшелерінің Қазақстанда жұмыс істеп жатқан француз компанияларына баруы (өткен жылдың маусымында Alstom, тамызында KATCO) ортақ экономикалық қызметпен жақсырақ танысуға мүмкіндік берді.

CCIFK климаттың өзгеруі (2040 жылғы энергетика саласындағы перспективалар және Париж келісіміне сәйкес 2С сценариі), экология (Нұр-Сұлтандағы қалдықтарды оқсату, Алматыдағы қалдықтарды өңдеу салалары бойынша Қазақстанның Стратегиялары), интеллектуалды жекеменшік және туризм (Алматы облысындағы тау туризмін және экотуризмді дамыту) сияқты өзекті тақырыптар аясында ай сайын жиналыс өткізу және жұмыс тобын құру түрінде көптеген тақырыптық іс-шаралар ұйымдастырды. Француз және қазақстандық сарапшылардың атсалысуының арқасында мұндай пікірталас платформалары кең ауқымды идеялар мен ұсыныстарды талқылауға мүмкіндік береді.

CCIFK теңдессіз және елдегі француз қатынастарының өзге қатысушыларының: Елшілік және оның Экономикалық қызметінің жұмысын толықтырады.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия