jasqazaq.kz

Фотосессияға жалаңаш қатысқан 11 украиналық қыз БАӘ-ден депортацияланды

13 сәуiр 2021, 14:13

Дубайда суретке жалаңаш түскені үшін ұсталған он екі украиналық қыздың он бірі депортацияланды, оларға БАӘ-ге кіруге тыйым салынды. Бұл туралы Украина Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Олег Николенко мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости порталына сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

«Кеше кешке БАӘ билігі Украинаның 11 азаматшасын жер аударды, олар Дубайда ашық фотосессияға қатысқаны үшін ұсталған. COVID-19 диагнозы қойылған тағы бір украиналық қыз жазылған соң депортацияланады. Барлығына БАӘ-ге кіруге тыйым салынды. Украинаның Дубайдағы консулдығының арқасында азаматшаларға ең жеңіл жаза тағайындалды», — деді Николенко.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде жалаңаш қыздар Dubai Marina курорттық аймағындағы биік ғимараттардың бірінің балконында суретке түсіп жатқан видео пайда болды. Николенко 6 сәуірде түсірілімге қатысқаны үшін 12 украиналық ұсталғанын хабарлаған болатын.

РИА Новости мәліметінше, түсірілім кезінде ұсталған ресейлік кәсіпкер Алексей Концов тергеу изоляторында іс бойынша тергеу мен соттың аяқталуын күтіп жатыр. Ол кінәлі деп танылса, бір жарым жылға дейін бас бостандығынан айырылып, Интернетте порнографиялық материалдар таратқаны үшін 50 мың дирхам (миллион рубль) айыппұл төлеуі мүмкін.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде