jasqazaq.kz

Фонтанда көз жұмған жігіт ҰБТ тапсыруға келген: Министр істің мән-жайын айтты

21 маусым 2024, 11:26

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматыда субұрқақ жанында талапкердің қайтыс болуына пікір білдірді.

«Оқиға сағат 16.00-де болған. Күн райы өте ыстық болып тұрған. Тыйым салатын белгі тұрғанына қарамастан, субұрқаққа түскен. Ол субұрқақтың екі „тостағаны“ бар, ол тура ішіне кірген. Өлімнің себебі бүгін сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болуы керек. Алдын ала мәлімет бойынша, жүрегі тоқтап қалған немесе ток соққан болуы мүмкін», — деді ол.

Министр қайтыс болған талапкердің Алматыдағы № 185 мектепті тәмамдағанын айтты.

Университетке ҰБТ тапсыру үшін келгенімен, электр қуатының ақауына байланысты тест тапсырып үлгермеген.

«Сот-медициналық сараптаманың қорытындысын күту керек. Бұл мәселемен Бостандық ауданының полиция басқармасы айналысып жатыр. Салғырттық салдары ма, әлде оқыс оқиға ма, әзірге білмейміз», — деді Саясат Нұрбек.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді