Алғашқы отандық лоукостер FlyArystan Мәскеудің соңынан қазақстандықтар көптен күткен Нұр-Сұлтан-Қостанай-Нұр-Сұлтан бағытын ашқаны туралы қуана хабарлайды.
Екі шаһардың арасын әуефлотқа бірер күн бұрын қосылған компанияның төртінші Airbus A320 ұшағымен күнделікті қатынауға болады.
Сапардың ұшу ұзақтығы біржарым сағаттан аз уақытты құраса, минималды билет құны 5999 теңгеден басталатынын атап кеткен жөн.
«Қостанайға бағытталған жаңа рейстер – жылды жағымды жаңалықпен аяқтауға тұрарлық жаңалық. Бүгін біз тағы бір қала тұрғындарына арзан бағамен саяхаттауға мүмкіндік беріп, оларды шынайы түрде қуанттық. FlyArystan-ның пайда болуымен жергілікті тұрғындар елордамызға жиі әрі лезде жетіп, өз шаруаларын тыңдырып келе алады. Я болмаса керісінше Нұр-Сұлтаннан Қостанайға келіп, туған-туысқандарын жиі көріп кете алатын болады», — атап кетті Қостанайда өткен пресс-брифингте FlyArystan-ның сату және маркетинг бөлімінің директоры Жанар Жайлауова.
Бірінші рейсті қарсы алуға Қостанай облысының әкімі Архимед Мухамбетов өзі қатысып, FlyArystan-ның пайда болуы аймақ үшін оң ықпалын тигізетініне сенім білдірді. Облыс әкімінің ойынша Қостанай қазақстандықтармен қатар, елімізді астанадан бастап шарлайтын туристтерге де өте қызықты болуы ықтимал. «Біздің аймақ дәмді нанымен қатар, көрікті табиғатымен, елдің атын шығарған жазушы-ойшылдарымен танымал. Сол себепті Қостанайды мәдени мұрасы бай оратлық деп те атауға болады. Еліміздің музейлері, орталықтары мен тарихи жерлері өте көп. Ал лоукостердің келуімен жыл сайын бұл байлықты 130 000 адам көріп, Қазақстанның шексіз әдемі Қостанайын біліп кете алатыны қуантарлық жәйт», — деп ойымен бөлісті Архимет Бегежанұлы.
Өзінің бірінші сапарын FlyArystan 2019 жылдың 2019 жылдың 1 мамырында орындағанын естеріңізге сала кетсек. Операциялық жұмысының басынан лоукостер 600 000 астам жолаушыны тасымалдап үлгерді. Реконфигурациядан өткен 4 Airbus A320 әуелайнермен 13 бағыт бойынша сапар шегетін лоукостер бүгінгі таңда Қазақстанның ең қарқынды компаниясы атанып үлгерді.