jasqazaq.kz

Флоридада оқушы 17 адам қырып салды (видео)

15 ақпан 2018, 11:07

14 ақпанда Паркленд қалашығындағы (Флорида штаты) мектепте кем дегенде 17 адам өлтірілген. 50-ге жуық адам жарақат алған.

Бұл туралы CNN округ шерифіне сілтеме жасай отырып хабарлады. Оның айтуынша, қаза болғандардың арасында оқушылар да, ересек адамдар да бар. «12 адам білім беру мекемесінің ішінде атылған. Тағы үшеуі далада, екеуі ауруханада. Зардап шеккен үш адам ауыр жағдайда жатыр», — деді Скотт Исраэль. Полиция өкілдерінің мәліметінше, қырғынды осы мектепте оқыған 19 жастағы Николас Круз жасаған. Өткен жылы жігіт «тәртібіне байланысты» мектептен шығарылған екен. Оны «оқушыларға төнген қатер» деп атаған.

 

Сыныптастары болса оның қару-жараққа әуес болғанын айтқан. Николас білім беру мекемесінің ғимаратына кіріп, жолықтырған адамын ата бастаған. Оның қолында AR-15 жартылай автомат винтовка мен оның бірнеше оқ-дәрісі болған. Полицейлер мен арнайы жасақ қызметкерлері күдіктіні екі сағаттан кейін бірақ ұстай алған. Қазір ол қамауда.

tengrinews.kz

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды