jasqazaq.kz

Фируза Шарипова жекпе-жектен кейін гипспен түскен суретін жариялады

31 желтоқсан 2017, 14:19

Қазақстандық боксшы Фируза Шарипова Алматыдағы титулдық жекпе-жегінен кейін түскен суретін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Суреттен ержүрек қыздың оң қолы гипстелгенін көруге болады. Спортшы оны Инстаграмдағы парақшасында жанкүйерлерімен бөлісті. Еске сала кетейік, Фируза Шарипова кешегі бокс кешінің бас кездесуінде Бельгиядан келген Джемилла Гонтарюкті жеңді. Боксшылар екінші жартылай орта салмақта (59 кг) WBC Silver және IBO Championship нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағына таласты. 10 раундтық жекпе-жек қорытындысына сай төрешілер бірауыздан Фирузаның жеңіске жеткенін айтты. Енді Шарипова WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионымен 2018 жылдың көктемінде Таразда немесе Монакода кездесуі мүмкін.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде