jasqazaq.kz

Фируза Шарипова чемпиондық атағын қорғап қалды (видео)

09 қыркүйек 2018, 11:28

Қазақстандық кәсіпқой боксшы қыз Фируза Шарипова жеңіл салмақта IBA чемпиондық атағын қорғап қалды, деп хабарлады Vesti.kz.

Отандасымыз Санкт-Петербургте өткен бокс кешінде ресейлік боксшы қыз Юлия Куценконы жеңді. Фируза Шарипова мен Юлия Куценко Club A2 аренасында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде жұдырықтасты. 10 раундқа жоспарланған кездесу соңына дейін жалғасып, жеңімпаз төрешілер шешімі бойынша анықталды. Шаршы алаңдағы шайқаста басымдығын байқатқан Фируза жеңіске жетті.

 

24 жастағы қазақстандық боксшы қыз кәсіпқой бокстағы тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді. Оның төртеуінде уақытынан бұрын қарсыласын жеңіп шыққан. Бір жекпе-жегінде жеңілген. Ал Юлия Куценко болса мансабында алғаш рет жеңілістің кермек дәмін татты. Фируза Шарипова IBA чемпиондық атағынан өзге екінші жеңілірек салмақта IBO және WBC Silver белбеулеріне ие. Санкт-Петербургтегі жекпе-жекке WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына ие фин боксшы қызы Ева Вальстрем де арнайы келген. Фируза оның алдағы міндетті қарсыласы. Бокс кешінің соңынан екі боксшы көз арбасты.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді