jasqazaq.kz

Фирма қызметкерлері өздерін тонаған

12 желтоқсан 2018, 14:35

Көкшетауда фирма қызметкерлері өздерін өзі тонап, кейін полицияға арызданған. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Ведомствоның дерегі қарағанда, желтоқсанның 7-і күні Ерейментау аудандық полиция бөліміне «Павлодар-Астана» тасжолының бойында қарақшылық шабуыл болғаны туралы жедел ақпарат түскен. Зардап шегуші, яғни, Көкшетау қаласындағы жеке меншіктегі ұйымның сауда өкілінің түсініктемесі бойынша, мемлекеттік нөмірі жоқ көлікке отырған бейтаныс біреулер оның көлігін тоқтатқан және мылтыққа ұқсас қарумен қорқытып, фирмаға тиесілі 5 миллион теңге ақшасын алып тайып тұрған. Қарақшылық қылмысқа байланысты ҚР ҚК 192 бабының 2 бөлігі (қарақшылық) бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. «Күдіктілерді үстау үшін арнайы топ құрылып, жедел іздестіру бойынша кешенді шаралары жүзеге асырылды. Алайда, тергеу амалдары кезінде кейбір сәйкестіксіздер орын алып, олар нақтылы тексерілді. Нәтижесінде полицейлер мән-жайды анықтай келе, ер адам қарақшылық шабуылды өзі ойластырғанын анықтады. Кейін зардап шегуші мен оның екі танысы ұсталды. Танысының бірі сол фирманың жұмысшысы болып шықты. Күдіктілер өздері ұйымның ақшасын жымқырып, кейін қылмыстың ізін жасыру үшін полицияға қарақшылық шабуыл туралы жалған хабар берген», -дейді полицейлер. Қазіргі кезде күдіктелер уақытша ұстау оқшаулағышына тоғытылып, олардың үстілерінен ҚР ҚК 88 бабының 4 бөлігі (ұрлық) және ҚР ҚК 419 бабы (жалған мәлімет беру) бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Бүгін, 15:48
Астана – Нью-Дели диалогы
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді