jasqazaq.kz

Финляндия екі-үш жыл ішінде Ресеймен шекараға биік дуал салады

27 қыркүйек 2022, 13:42


Финляндия екі-үш жылдың ішінде Ресеймен шекараның оңтүстік-шығыс бөлігіне дуал салуы мүмкін. Бұл туралы елдің шекара қызметі мәлімдеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ведомство 1300 шақырымдық шекараның 10-20 пайызын ғана қоршауды жоспарлап отыр.

Осылайша, қоршаудың ұзындығы 130-дан 260 шақырымға дейін созылады. Дуал шамамен 50 жылға шыдайды деп болжанып отыр.

Шекара қызметінің басшысы Паси Костамовараның айтуынша, қоршауды салуға жүздеген миллион еуро қажет.

Қоршаудың өзінен басқа, бұл сомаға шекарашыларға шекараны заңсыз кесіп өтуге тез әрекет етуге мүмкіндік беретін техникалық қызмет көрсету және тиісті инфрақұрылым құру кіреді.

Рейтер агенттігінің хабарлауынша, демалыс күндері Финляндиямен шекараны 17 мыңға жуық ресейлік кесіп өтті, бұл бір апта бұрынғыдан 80%-ға көп.

21-25 қыркүйекті қоса алғанда, Финляндиямен шекарадағы Выборг кеденінің өткізу бекеті арқылы Ресей Федерациясының аумағынан 13,1 мың автокөлік шыққан.

Кеденнің мәліметінше, 14-18 қыркүйекте Финляндия бағытына шекарадан 7,7 мың көлік өткен, көлік ағыны екі есеге жуық өскен.

Маусым айында Финляндия ішкі істер министрлігі ел үкіметінің «гибридті сипаттағы қауіп-қатерлерге» қарсы тұруға, оның ішінде «саяси қысым көрсету мақсатындағы көші-қон мәселесіне» дайын болу үшін шығыс шекарадағы (Ресеймен) қауіпті аудандарға кедергілер орнатуды жоспарлап отырғанын хабарлады.

7 шілдеде республиканың фин парламенті Шекара күзеті туралы және дайындық туралы заңға енгізілген түзетулерді қолдады.

Рейтер агенттігінің хабарлауынша, бұл түзетулер Ресеймен шекарада тосқауыл орнатуға және оны төтенше жағдайларда босқындар үшін жабуға бағытталған, бұл ЕО нормаларына қайшы келеді.

Заңның жаңа редакциясы Парламентке шекараларды қорғауға қатысты шешімдерді жедел қарауға, ал Үкіметке Финляндия шекарасына жақын жерде «дуалдар немесе басқа да қоршаулар» салу туралы бұйрықтар қабылдауға және барлық сұраныстарды бір немесе бірнеше шекара бекеттеріне, мысалы, әуежайға жіберуге мүмкіндік береді.

Бүгін, 17:35
Алматыда таулы аумақтарды тазарту бойынша ауқымды экологиялық акция өтті
21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова