jasqazaq.kz

Finbet букмекерлік кеңселерінде тінту жүргізілді

19 желтоқсан 2019, 16:57

Қаржы мониторингі комитетінің өкілдері Finbet букмекер кеңсесінің әрекеттеріне шектеу қойылғанын мәлімдеді. Бұл туралы ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

«Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу қызметі жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижелері бойынша Finbet букмекер кеңсесінің заңсыз әрекеттерінің жолын кесті. Осы ұйымның лауазымды тұлғалары букмекер қызметімен қатар Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз ойын бизнесімен айналысқан. Құмар ойындарға заңсыз ақша қабылдау Алматы, Шымкент, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстарында орналасқан 43 мекемеде жүзеге асырылған», — делінген хабарламада. 18 желтоқсанда ауқымды арнайы операция жүргізілді, оның барысында соттың санкциясымен бір мезгілде сегіз өңірде тінту жүргізілді, онда Қаржы мониторингі комитетінің деректері бойынша Finbet букмекер кеңсесі заңсыз ойын қызметін жүзеге асырған. «Заңсыз қызметтен түскен жыл сайынғы табыс — 3 миллиард теңге. Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушылар ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жедел-тергеу шаралары жалғасады», — деп толықтырды комитет өкілдері.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде