jasqazaq.kz

«Филип Моррис Қазақстан» : Тұрақты даму жолында

26 қараша 2018, 10:30

ФМҚ компания өкілдері компания қызметінің ең маңызды әлеуметтік аспектілері және оның жақын арадағы даму жоспарларын жан-жақты баяндайтын өзінің тұрақты дамуы туралы алғашқы есебін таныстырды. ФМҚ үшін тұрақты даму туралы есеп — қоғаммен диалогтың, сонымен қатар, өзінің ақпараттық ашықтығын арттырудың ең маңызды элементтерінің бірі. Сондай-ақ, ол компанияға өзі қызметіне басқа қырынан қарап, оның тиімділігін қалай жоғарылатуға болатынын түсінуге көмектеседі.

Қоғамның барлық мүдделі тараптарының сындарлы диалогын жолға қоюға іс-шараның өзі себепкер болды және оған 60 – қа жуық қонақ қатысты – ФМҚ серіктестері, Алматы облысы мен Іле ауданы әкімдіктерінің, сондай-ақ Іле ауданы мәслихатының өкілдері, жетекші қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары. Тұрақты даму күні ФМҚ фабрикасында іскерлік ойыннан басталды. Барлық қонақтар 17 командаға бөлініп, әр команда өз ТДМ алды (БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаты), ереже бойынша әр команда оны телеарна жаңалығы ретінде қонақтарға таныстыру шарт болды. Қонақтар тапсырманы орындауға креативті түрде жақындап, нәтижесінде БҰҰ-ның ТМД бойынша аштықпен күрес, гендерлік теңдік, қоршаған ортаның ластануымен күрес және т.б. өзекті тақырыптарды қарапайым ойын түрінде айтып өтті. БҰҰ 2015 жылдың соңында 17 ТМД қабылдады және олар кәсіпорындарды тұрақты даму проблемаларын шешу үшін шығармашылық тәсіл мен инновацияларды қолдануға тікелей шақырады.

Татьяна Колесникова, «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС өндіріс жөніндегі директоры: «Біздің компания Қазақстанда 25 жыл бойы жұмыс істейді және біз әрқашан бизнес жүргізуге ұзақ мерзімді және жауапты бағытты негізге алдық. Біз БҰҰ тұрақты дамуының 17 мақсатының 6-на қол жеткізуге ниеттіміз және біздің Қазақстандағы бизнесіміздің барлық бағыттарында алдымызға амбициялық міндеттерді қоямыз. Бұл туралы бүгін сізге ұсынылған Филип Моррис Қазақстан тұрақты дамуы туралы алғашқы есеп куә бола алады, онда компания қызметінің маңызды әлеуметтік аспектілері және болашақта даму жоспарлары туралы баяндалған.»

Іс-шара барысында компания өкілдері шылым шегудің денсаулыққа әсерін төмендету, қоршаған ортаға әсерін азайту, адам құқықтары мен еңбек құқықтарын сақтау, белсенді қайырымдылық және корпоративтік еріктілік қызмет, заңсыз өнім мәселесін шешу үшін мемлекеттік және мемлекеттік емес серіктестермен жұмыс жасау мақсаттарына қол жеткізуге компания қалай ықпал ететіні туралы толығырақ айтып берді.

ТДМ бизнеске тұрақты дамудың ең күрделі мәселелерімен күресуге арналған шешімдер мен технологияларды әзірлеп енгізуге мүмкіндік береді. ТДМ қоғамның дамуына арналған жаһандық күн тәртібін қалыптастыра тұра, компанияларға олардың бизнесі тұрақты дамуды ілгері жылжытуға қалай көмектесетінін көрсетуге мүмкіндік береді. Компаниялар ТДМ-ді өздерінің стратегияларын, мақсаттары мен қызметін қалыптастыру, басқару, олар туралы ақпарат және есеп беру үшін пайдалана алады, және бұл өз кезегінде бизнес үшін болашақ мүмкіндіктерді анықтау, корпоративтік тұрақтылық құндылығын арттыру, мүдделі тараптармен қарым-қатынастарды бекіту, қоғамды тұрақтандыру секілді бірқатар артықшылықтарды алуға мүмкіндік береді.

БҰҰ-ның 17 ТДМ құрамынан Компания өзі үшін 6 ең жарамды мақсатты анықтап алды да, соларға сәйкес өз қызметін жүргізуде.

Мықты денсаулық пен амандық. Компания қоғам үшін жасай алатын ең үлкен үлес — бұл сигареттерді зияндығы азырақ баламалармен ауыстыру және қазіргі таңда компания революциялық трансформация жолын түсіп, сигарет түтінінсіз болашақ атты өршіл мақсатты іске асыруда. 10 жылдан астам бұрын, Филип Моррис Интернэшнл қауіп-қатері төмендетілген өнімдерді әзірлеуді бастаған болатын және бүгінгі күні кәмелетке толған шылым шегушілердің қажеттіліктерін қанағаттандыратын және қалыпты сигареттермен салыстырғанда денсаулық үшін зиянды азайту әлеуеті бар өнімдер қатарын ұсынуға дайын. Осындай өнімдердің бірі – IQOS темекіні қыздыру жүйесі – Қазақстанды қоса алғанда, дүние жүзінің 40-тан астам елінде әлдеқашан қолжетімді. Күн сайын дүние жүзінде 10 000-нан астам кәмелетке толған шылым шегуші сигареттерден IQOS-қа ауысуда.

Жауапты тұтыныс пен өндіріс. Қоршаған ортаға әсерді төмендетуге қатысты, ФМҚ айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіп, ауқымды жобаларды іске асырған. 2017 жылы Алматы облысындағы фабрика дизель отынын табысты алмастырған орталықтандырылған табиғи газ желісіне қосылған болатын, нәтижесінде жылыжай газдар шығарындыларын бірталай азайтуға қол жеткізілді. 2013 жылмен салыстырғанда, өндірістік қызметке байланысты көміртек шығарындылары 43%-ға төмендеген. Қалдықтарды өңдеуде де ФМҚ айтарлықтай прогресске қол жеткізді – фабрика қалдығының 88.6%-ы кейінгі қайта өңдеуге жіберіледі.

Лайықты жұмыс пен экономикалық өсу. Адам құқықтарын сақтау ФМҚ-ның бизнесті жүргізудің негізгі қағидаттарының бірі болып табылады. Көптеген уақыт бойы компания оның өнімді әзірлеу мен маркетинг, іскерлік әдеп пен жеткізушілермен қарым-қатынастар сияқты салалардағы ішкі саясаттары мен бағдарламалары адам мен еңбек құқықтарын сақтау қағидаттарына толығымен сәйкес келулерін қамтамасыз ету бойынша жұмыс істеуде.

Сапалы білім беру. Халықтың, әсіресе, ауылдық жерлерде тұратын халықтың білім алуын қолдау мен экономикалық өсуіне тиісті жағдайларды жасауға бағытталған әлеуметтік жобаларға айтарлықтай көңіл бөлінуде. Бұл мақсаттарға 2017 жылы компания 192 млн. теңгеден астам қаражат бөлген болатын.

Тұрақты қалалар мен елді мекендер. ФМҚ сондай-ақ өз қызметкерлерінің көптеген әлеуметтік мәселелерді шешуге жекелей қатысуға ұмтылыстарын қолдайды. Әдетте, компанияның корпоративтік волонтерлік жобалары ҰОС ардагерлеріне, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға көмек көрсетуге және экологияны қорғауға бағытталады.

Әлем, әділеттілік пен тиімді институттар. Темекі әлемдегі заңсыз өнімдердің кең таралған түрі болып табылады. ФМҚ экономика және бизнестің дамуына кедергі жасайтын осы мәселені шешу үшін мемлекеттік және беймемлекеттік серіктестермен өзара әрекеттеседі.

Мигель Колета, «Филип Моррис Интернешнл» компаниясының Тұрақты даму мәселелері жөніндегі директоры: «Біз кәмелетке толған темекі шегушілерге темекі маркаларының үлкен таңдауын ұсына отырып, табысқа қол жеткізген жетекші халықаралық темекі компаниясы болып табыламыз. Дегенмен, қазір біздің алдағы жетістігіміз бүкіл әлем бойынша темекі шегушілерге аз зиян келтіретін балама ұсыну қабілеттілігімізге байланысты болады деп есептейміз. Сондықтан компания өз бизнесін трансформациялайды: темекі өндірушісінен темекі өнімдерінің жаңа санатында өз болашағын құратын технологиялық көшбасшыға айналады. Бүгінде әлемде шамамен 1 миллиард адам темекіні тұтынады. Барлық шектеу шаралары және темекі шегудің таралуының төмендеуіне қарамастан, халық санының өсуіне байланысты 2025 жылы 1 миллиардқа жуық шылым шегуші саны сақтала бермек. Бірақ темекі шегетін барлық ерлер мен әйелдер түтінсіз, төмен қауіп төндіретін аз зиянды өнімдерді қаласа, бұл темекі шегуге байланысты аурулардың пайда болу қаупін азайтады. Біздің ең төменгі мақсатымыз — 2025 жылға қарай біздің барлық тұтынушыларымыздың 30% — ға жуығы темекі шегуден бас тартып, қауіп-қатері төмен өнімдерге көшуі».

Бірнеше жыл бұрын компания жаһандық деңгейде де, Қазақстанда да қайырымдылық саласындағы ұзақ мерзімді жобаларға бағытталған, адамдарға жаңа дағдылар игеруге және оларды өз өмірінің сапасын жақсарту үшін қолдануға мүмкіндік беруге негіздеоген жаңа стратегиялық тәсілді таңдап алды. Компанияның қайырымдылық жобалары мен бағдарламалары коммерциялық емес ұйымдармен әріптестікте жүзеге асырылады және кеңінен қоғамдық мойындауға ие болу үстінде.

Тек соңғы екі жылда ғана жобалар ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінен, Алматы облысы әкімдігінен, Қазақстанның Еуропалық Бизнес қауымдастығынан, Қазақстандағы Америка сауда палатасынан марапаттар алды, 2018 жылы шілдеде «Әлеуметтік — экономикалық даму» номинациясы бойынша The International CSR Excellence Awards Бірінші халықаралық марапаты алынды (марапат Лондонда 1994 жылы құрылған The Green Organization халықаралық коммерциялық емес ұйымымен беріледі).

Kagazy Recycling бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Андрей Хан жауапты тұтыну мәдениетін қалыптастыру туралы айтып, компанияның суды екінші рет қалай пайдаланатыны туралы баяндады. Kcell компаниясының әдеп және нормаларды сақтау бөлімінің басшысы Халида Нарбаева қатысушыларды компанияда 4 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасымен таныстырды.

«Тұрақты даму – бұл әлемдік компаниялардың тактикалық міндеттерін шеше алатын, сондай – ақ компанияның орта және ұзақ мерзімді перспективада стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін қажетті және табиғи жол», — деп атап өтті EY компаниясының Орталық Азия, Кавказ, Украина және Беларусь елдері бойынша тұрақты даму саласындағы қызметтер бөлімінің директоры Виктор Коваленко.

jazqazaq.kz

 

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді