jasqazaq.kz

Фейк таратқан Instagram қолданушысы ұсталды (видео)

28 тамыз 2021, 18:53

Полиция әлеуметтік желілерде Жамбыл облысындағы жарылыстар туралы жалған ақпарат таратқан ер адамды ұстады. Бұл туралы  Polisia.kz хабарлайды. 

27 тамызда Instagram әлеуметтік желісіне мониторинг кезінде полиция белгісіз ер адам Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімнің аумағындағы жарылыстардың қуаты күшті екенін, сондықтан оны жою мүмкін емесін, сонымен қатар, денесі жұлынған адамдар барын айтқан видео анықтады.

«Бұл хабарлама шындыққа сәйкес келмейді. Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер Тараз қаласының 26 ​​жастағы тұрғынын ұстады. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы, 2-бөлігі, 3-тармағына сәйкес («Бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып, көрінеу жалған ақпарат тарату») соталды тергеу жүріп жатыр», — деді полицейлер.

Полиция мұндай қылмыс жасағаны үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салды. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы бойынша тергеу мүддесі үшін соталды тергеудің қалған дерегі жария етілмеді.

https://youtu.be/QcNQPDZX6ok

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия