jasqazaq.kz

«Фариза» спектаклінің тұсауы кесілді

09 қыркүйек 2019, 15:29

    Театр өнерінің қара шаңырағы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында 5-6 қыркүйек күні «Фариза» спектаклі сахналанған болатын. Өресі биік өнерді сағынған жұртшылық екі күн бойы аталған қойылымды тамашалады. Спектакль жыр падишасы  Фариза Оңғарсынованың 80 жасқа толуына орай ұйымдастырылды. Туындыны «А+А Idea Fabric» продюсерлік орталығы дайындады. Жобаның бас продюсері және идея авторы – Айнұр Көпбасарова.

Қойылым алдында БАҚ өкілдерімен кездескен жоба авторлары мен шығармашылық топ мүшелері «Фариза» спектаклі туралы журналистерге әңгімелеп берген болатын. Жобаның авторы әрі бас продюсері Айнұр Көпбасарованың айтуынша, Фариза Оңғарсынова жайлы қойылым қою идеясы осыдан үш жыл бұрын пайда болған. Ол: « Қойылым кою туралы идея жасалып, концепциясын жазғаннан кейін Фаризаның замандасы, шәкірті болған, сол кісінің ізін басқан сіңілсі драматург Роза Мұқановаға сценариін жаздыртқан болатынбыз. Фаризаны сомдау үшін оны сахнада қою үшін біз сценариді  Назгүл Қарабалина мен Лейла Бекназар-Ханинга актрисаларға арнап жаздырдық. Ал қойылымды талантты режиссер Фархат Молдағалиға қоюға ұсыныс жасаған едік. Осы жобаның ауыр жүгін арқалап жүрген техникалық мүмкіндіктерге жауапты, жобаның көркемдік жетекшісі Шара Айдарова. Фариза өлеңдерін сіздердің жүректеріңізге жеткізіп, әдеби тұрғыда дұрыс айтылуын қадағалап келген әдеби редакторы Шынар Омарова. Бұл идея тек бір ғана адамның идеясы емес, бұл бүкіл команданың бірігіп атқарған жұмысы» — деген болатын.

Көпшілік қызығушылығын оятқан туындыны біз де тамашалаған болатынбыз. Әр іс-әрекеті ой салдыратын мезеттерде көзге іркіліп жас келген сәттер болды. Фаризамен бірге толқыдық, бірге қуандық, бірге жұбандық. Әсіресе ақын Мұқағали мен Фариза жырларының үндескен тұсында ерекше әсерге бөлендік. Қойылым көпшіліктің жүрегіне терең ой салды. Оны залдағы мүлгіген тыныштық, ерекше назар байқатты. Ал музыкалық әрлеуде танымал  композитор Ренат Гайсиннің қолтаңбасы көрініп тұрды. Басты рөлді сомдаған актриса Назгүл Қарабалина көрермендерді нағыз Фаризамен қауыштырды. Өмір мен өлімнің арасында сенделген ақын қыз біресе отқа, біресе суға түседі. Сатқындық, өтірік, жала жабу, бетіңе қарап мақтау айтып, артыңңнан даттау осы сынды көріністерді беру идеясы сәтті шықты.

Қойылымды тамашалаған әрбір адамның жүрегіне жетіп, Фаризаның шығармашылығына деген сүйспеншілігін оятқанына сенімдімін. Спектаклдің болашағы зор.  Осындай идеяны жүзеге асырып, көпшіліктің жүрегіне ой сала білген шығармашылық топқа    сәттілік  тілейміз.

Мақпал Ноғайбаева

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде