jasqazaq.kz

Facebook атауын өзгертті

29 қазан 2021, 10:30

Facebook атауын Meta деп өзгертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Алайда оның басты әлеуметтік желісінің атауы бұрынғысынша қалады. Ребрендинг туралы Facebook девелоперлерінің жыл сайынғы конференциясында жарияланды. Ресми көзқарас бойынша әлеуметтік желінің жаңа атауы компанияның қазіргі қызметіне толық сәйкес келеді. Facebook кейінгі кездері адамдардың жұмыс істеп, ойын ойнап, өзара пікір алмасуына мүмкіндік тудыратын онлайн әлем құру туралы жоспарларынан хабардар етіп келген болатын. Әлеуметтік желінің атауының өзгеруімен бірге Facebook-тің өнімдеріне қатысты сыни пікірлер де айтылмай қалмады. Мысалы компанияның бұрынғы қызметшілерінің бірі Фрэнсис Хауген Facebook-тің желіні қолданушылардың мүддесінен көрі пайда табуға барынша көңіл бөліп келгендігін айтқан. Айта кетейік, 2015 жылы Google де құрылымын өзгерткен болатын. Ол басты компанияның атауын Alphabet деп өзгертті. Дегенмен компанияның өнімдері бұрынғы атауларын сақтап қалды.

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты