jasqazaq.kz

EXPO-2017: Апаттың салдары анықталды

07 желтоқсан 2016, 17:13

snimok
Осыдан шамамен бір ай бұрын «Астана EXPO – 2017» халықаралық мамандырылған көрмесінің ұзындығы 96 метрлік салмағы 240 тонна болатын декоративтік көпір құрастырмасы опырылып, апаттық жағдайға ұшыраған еді. Содан кейін декоративтік конструкциясының құлау себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, сараптамалық жұмыс басталды.

Бүгін БАҚ өкілдерін сол сараптамалық комиссияның шешімімен таныстырды. Халықаралық көрменің қоғаммен байланыс департаменті директоры Сергей Куянов «Басқарма төрағасының орынбасары В.Лютов мырза жетекшілік еткен арнайы комиссия құрылды. Комиссия құрамы «Казниса», «Казмир» компаниялары арқылы тәуелсіз сараптама жүргізді. Кеше біз осы сараптаманың қорытындысын алдық. Сараптамада құрылыс материалының химиялық құрамынан бастап жобаның нақты бекітілген нұсқасына дейін мұқият тексерілді. Нәтижесінде ғимараттың опырылу салдары жобадан кеткен қателік деп анықталды», – деп мәлімдеді. БАҚ өкілдерінің жобалық қателіктің қалай туындағаны жайлы сауалына: «Көрменің жалпы кешенінде осындай сегіз құрастырма бар. Ең ұзыны осы. Өкініштісі, жобадағы қателік дәл осы құрастырмадан кетіп отыр. Қателікті былайша түсіндірейін, бізде бас мердігер бар. Олар сегіз құрастырманың төртеуін өздері жобалаған, қалғанына басқа субмердігерді тартыпты. Дәл осы құрастырмаға тартылған субмердігер металдың басқа түрін пайдаланған. Оны сараптамалық жұмыстың нәтижесі арқылы анықтап отырмыз», – деп жауап берді. Ал, аталған департамент директорының орынбасары Ақсұлу Санғалидың сөзіне қарағанда, тапсырыс берушілер көрменің жалпы кешенін әлі қабылдамапты. Сондықтан барлық шығынды бас мердігер – BI Group компаниясы өтейтін көрінеді. Біз EXPO-2017 көрмесі өтетін аумақты аралап, құрылыс нысандарымен таныстық. Апаттық жағдайға ұшыраған нысанды қайтадан қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бірақ, енді бұл нысанның салмағы бұрынғысынан қарағанда әлдеқайда жеңіл болады. Сондай-ақ арнайы ұстап тұратын тіреуіш құрылғылары орнатылады.

Елдос Тоқтарбай, Астана қаласы

13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі