
Мемлекет басшысының өкімімен Евгений Дмитриевич Кочетов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды jasqazaq.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Евгений Кочетов 1988 жылы Астана қаласында дүниеге келген.
Қазақ гуманитарлық заң университетін, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.
2009-2013 жылдар аралығында «Жас Отан» ЖҚ және «Нұр Отан» ХДП орталық аппаратының түрлі құрылымдық бөлімшелерінде кеңесші, сарапшы, консультант болып жұмыс істеді.
Әр жылдары жеке меншік коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.
2016 жылы «Қазконтент» АҚ Kaztube.kz видеопорталының жетекшісі болып тағайындалды.
2016-2017 жылдары — Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Орталық коммуникациялар қызметінің директоры.
2017-2018 жылдары — «Қазконтент» АҚ басқарма төрағасы.
2018-2019 жылдары «Нұр Отан» партиясының Стратегиялық бастамалар институты директорының орынбасары қызметін атқарды.
2019-2020 жылдары — «Рухани Жаңғыру» КЕАҚ қазақстандық қоғамдық даму институты басқарма төрағасының кеңесшісі.
2020-2023 жылдары — «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қорының баст директоры.
2023 жыл ақпаннан ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі, 2023 жылғы қарашадан бастап мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметін атқарды.
JQ-Aqparat
Сурет: gov.kz