jasqazaq.kz

«Ever Given» алып жүк тасушы кемесі сот шешімімен Суэц каналында қалдырылды

14 сәуiр 2021, 9:39

Наурыз айында Суэц каналында қайраңға отырып қалып, әлемдік саудаға үлкен шығын әкелген «Ever Given» алып жүк тасушы кемесі оның иесі үлкен сомада өтемақы төлемейінше, канал әкімшілігінің қолында қалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC News-ке сілтеме жасап. Мысыр БАҚ-ы мен әлемдік агенттіктердің жергілікті ақпарат көздеріне сілтеме жасап хабарлауынша, осы елдегі Исмаилия қаласының соты «Ever Given» кемесі тиесілі жапондық Shoei Kisen компаниясы Суэц каналының әкімшілігіне 900 млн АҚШ доллары көлемінде өтемақы төлемейінше сонда қала береді. Суэц каналы әкімшілігінің басшысы Усма Раби бұған дейін журналистерге оның ведомствосы жапондық фирмадан келтірілген моральдық шығынды, сондай-ақ арнадағы қозғалыс қалпына келтірілгенше одан өту үшін төленетін ақыдан айырылғанын, сол ақыны және «Ever Given-ді» қайраңнан шығару үшін жұмсалған қаржыны өндіріп алғысы келетінін мәлімдеген. Еске сала кетсек, наурыз айының соңында Суэц арнасында ірі жүк кемесі қайраңға отырып қалып, әлемде жүктемесі ең көп су жолының бірін бөгеп тастады. Бұл жағдай тіпті тауарларды жеткізу тізбегіндегі дағдарыстың күшею қаупін тудырған. 29 наурызда кеме қайраңнан шығарылды. Сәуірдің басында Суэц каналындағы қозғалыс қалпына келтірілді.

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі