jasqazaq.kz

Eurostat: Еуропалықтар жұмыссыз қалып жатыр

01 мамыр 2020, 12:03

Еуроаймақта жұмыссыздық деңгейі ақпаннан наурызға дейін 7,3%-дан 7,4%-ға дейін өскен. Одақтың 27 мемлекетінде бұл көрсеткіш 6,6%-ға дейін артқан. Бұл туралы Еuronews-ке сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Соңғы екі айда 373 мың неміс жұмысынан айырылған. Бұған коронавирус пен Германиядағы карантин себепшы болып отыр. ГФР-де жұмыссыздық деңгейі 5%-дан 5,8%-ға өскен. Бұл дегеніміз 2 млн 600 мың адам тұрақты табыс көзінен айырылған.

Испанияда осы кезеңде 120 мың азамат жұмыссыз қалған. Олардың жалпы саны 3 млн 300 мыңға жетті.

Сарапшылар жағдай бұдан да нашар болуы мүмкін деп отыр. Бірқатар Еуропа елдерінің үкіметі жаппай жұмыссыздықтың алдын алу үшін компания қызметкерлерінің басым бөлігінің жалақысын төлеуге міндеттелді.

Францияда 8 млн адам жұмыссыздық үшін мемлекеттен өтемақы алып жатыр.

«Үкімет оларға айтарлықтай көмек көрсетіп жатыр. Бірақ, бұл жағдай ұзаққа созылған сайын, көптеген адамдар осындай қиындыққа тап болған сайын жұмыспен қамтудың кумулятивті процесіне әкеліп соқтыру ықтималдығы жоғары. Жиынтық сұраныстың қысқаруы жұмыссыздықтың одан әрі артуына себепші болады. Қауіп осында жатыр», — деді Bruegel аналитикалық орталығының директоры Гунтрам Вольфф.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия