jasqazaq.kz

Еуропаша «жарылқау» немесе 5,4 млн еуро кімге бұйырады?

02 ақпан 2023, 15:06

Шетелден ақша алып, «көжеге тойып жүргендердің» құдайы беретін болды. Еурокомиссия еліміздегі «азаматтық қоғамды қолдауға» деп 5,4 млн еуро бөлмекші.

«Спутник Қазақстан» телеграм-каналы жазғандай, бұл қаржы коммерциялық емес құрылымдарға беріледі.

Жоба екі бағытқа бөлінген.

«Азаматтық қоғам әлеуетін нығайтуға арналған бірінші бағыт жастар және әйелдермен жұмыс істеуге арналады.

Екінші лот «басқару мен дамудың тәуелсіз субъектілері ролін атқаруда азаматтық қоғамға көмек» және «демократиялық кеңістікті» ынталандыруды көздейді.

Жуырда сырттан қаржы алатын бейресми ұйымдардың, сондай-ақ азаматтар мен азаматшалардың тізімі жарияланатыны айтылды. Мына ақша кімдердің қолына тиеді? Олар «жастар мен әйелдермен қандай жұмыс жүргізіп, «азаматтық қоғамға қандай көмек көрсетеді»?
Осының бәрі жалпақ жұртқа жария етілсе екен дейміз. Алда сайлау науқаны күтіп тұрғанда, бұлай «жарылқау» бекер емес.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі