jasqazaq.kz

Еуропалық қандастар елге көмек жібереді

28 шiлде 2020, 13:14

Еуропадағы қазақтар да ата жұрттағы ахуалға алаңдаулы. Қарт құрлықтың он елінде он мыңнан астам қандасымыз тұрады. Жырақта жүрсе де, атамекендегі әрбір жаңалыққа елеңдеп отыратын олар елде індет өршіді дегенді естігелі қолдан келген көмекті көрсетуде.

Франция, Итальядағы дәрігер қазақтар жерлестеріне онлайн ақыл-кеңес берсе, Германиядағы кәсіпкер бауырлар жедел пошта арқылы ағайынға дәрі-дәрмек жеткізді. Қазір Еуропа қазақтары қауымдастығының мүшелері банктен есепшот ашып, демеуқаржы жинап жатыр. Ақшалай көмек Қазақстанға жақын күндері жіберіледі. Еуропадағы қазақ қоғамдары федерациясның президенті Мұрат Ерміш отандастарымызға барынша қолдау көрсетеміз деп отыр.

«Осы қиын күндерде қайтыс болған қазақ бауырларымыздың жандары жәннәтта болсын. Ауырып жатқандарға шипа берсін. Отанымыздың киелі халқына зор денсаулық пен жақсылық берсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Осы қиын күндерде мен емес, біз болуымыз керек», — дейді Мұрат Ерміш.

Ал Түркиядағы Еуразиялық экономикалық қауымдастығының ұйытқы болуымен, Шымкентке 100 мың медициналық маска жіберіледі. Гуманитарлық жүктің алғашқы легін қауымдастық өкілдері Қазақстанның Түркиядағы елшілігіне табыстады. Осындай қиын кезде бауырлас халыққа аз да болса көмек көрсеу борышымыз дейді еуразиялық қауымдастығының төрағасы.

Осыған дейін Түркиядан елімізге өкпені жасанды желдету аппараттары, дәрі-дәрмектер, сақтану құралдары сынды коронавирус инфекциясның алын алуға қажетті заттар жеткізілген.

stan.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде