jasqazaq.kz

Еуропада коронавирустың таралуы күшейді

11 наурыз 2020, 13:08

Еуропада коронавирусты жұқтырғандардың саны көбейіп келеді, деп хабарлайды «Хабар 24». Испанияда соңғы бір аптада бұл көрсеткіш 10 есе өсіп, дертке шалдыққандар 1 мың 700-ге жуықтады. Аурудан 36 науқас қайтыс болды. Елде вирустың таралуына тосқауыл қою үшін қосымша шаралар енгізіліп жатыр. Мадрид аймағы мен Витория және Лабастида қаласында мектептер мен оқу орындары жабылды. Билік тұрғындардан үйден шықпауды сұрауда. Ал Францияда соңғы бір тәулікте вирус 372 адамнан анықталып, індет жұқтырғандар 1 мың 800-ге жуықтады. Вирустан 33 адам қайтқан. Президент Эмманюэль Макрон мемлекет індеттің өршу алдында тұрғанын мәлімдеп, сабырлық танытуды сұрады. Эммануэль Макрон, Франция президенті: – Мемлекет үлкен эпидемия алдында тұр. Коронавирус өршіп келеді. Біз сақтық шараларын барынша қарастырдық. Халыққа жеткізіңіздер, мамандар шалдыққандардың 85 процентінің ауруы жеңіл түрде өтеді дейді. Сондықтан азаматтар үрейге бой алдырмай, барынша сабыр сақтасын. Вирус көп таралып жатқан еуропалық елдің бірі Германияда дертті жұқтырғандар саны 1 мың 565-ке жетті. Індет елдің 16 аймағында тіркелді. Аурудан 2 адам қайтқан. Бірақ мамандар өлім көбейе ме деп алаңдап отыр. Ал Грекия билігі індетті тежеу үшін барлық балабақшалар мен мектептерді және оқу орындарын жапты. Үкімет арнайы шаралар дайындап жатқанын мәлімдеді. Қазір бұл елде вирусты жұқтырғандардың саны 89-ға жеткен.

24.kz

05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)
17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық