Коронавирус жұқтырған қытайлық турист Францияда көз жұмды. Бұл Азиядан тыс жердегі жаңа коронавирустан қайтыс болған алғашқы адам.Бұл туралы ВВС News-қа сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.
Францияның Денсаулық сақтау министрі Аньес Бузиннің сөзіне қарағанда, Қытайдың Хубэй провинциясынан келген 80 жастағы әйел коронавирустың құрбаны болған.
Бузиннің айтуынша, қытай азаматшасы Францияға 16 қаңтар күні келіп, 25 қаңтарда Париж емханаларының біріне карантинге жатқызылған.
Бұрынырақ Франция елде ресми атауы Covid-19 вирусын жұқтырған 11 адам тіркелгенін хабарлаған. Мәлімдеме жасалған сәтте індет жұқтырған алты адам емханада қалды.
Бузиннің сөзі бойынша, көз жұмған әйелдің қызы да коронавирус жұқтырыпты, бірақ оның жағдайы жақсарып келе жатыр.