jasqazaq.kz

Еуропа мен Азияның бірқатар елінде коронавирус тағы өршіп кетті

09 қыркүйек 2020, 11:01

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Еуропа мен Азияның бірқатар елінде коронавирустың тағы өршіп кеткенін мәлім етті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 

«Қазақстанда енгізілген қатаң шаралардың арқасында 5 шілдеден бері ауруханаларда төсек орындардың жүктемесі 6 есе, жансақтау бөліміндегі төсек орындардың жүктемесі 6,6 есе азайса, коронавирус инфекциясы бойынша жедел жәрдем шақыру жағдайы 5,5 есе төмендеді. Емханалар үйінде қызмет көрсету тәртібіне көшіп кетті. Мобильді бригадалардың саны 6,7 есе көбейіп, қазіргі таңда олардың елдегі саны 3 640-қа жетті», — деді Алексей Цой Үкімет отырысында.

Министр Қазақстанда эпидемиологиялық аухал тұрақталғанымен Еуропа мен Азияның бірқатар мемлекетінде тамыз айынан бастап коронавирус инфекциясының өршуі байқалғанын жеткізді.

«Мәселен ауру Италия, Австрия, Испания, Германия, Оңтүстік Корея, Түркия елдерінде өршуде. Ал ТМД елдеріне келер болсақ, ондағы аурудың орташа өсімі 0,5 пайызды құрады. Бұл – Қазақстандағы жағдайдан бес есе көп», — деді ол.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде