jasqazaq.kz

Еуропа лигасы: «Интер» финалға жолдама алды

18 тамыз 2020, 10:02

Бүгін UEFA Еуропа лигасында финалға шыққан екінші команда белгілі болды.

Жартылай финалдың екінші кездесуінде Италияның «Интер» және Украинаның «Шахтер» командалары шеберлік байқасты. Ойын тартысты өтті деуге негіз бар. Екеуі де шабуылға көбірек шығып, қызу ойын өткізді. Десе де бірінші кезеңде «Интер» командасының жолы болды. Ойынның 19-минутында Лаутаро Мартинес украин қорғаушыларының қателігін шебер пайдаланып кетті. Бұдан кейін қос команда тарапынан да есепті өзгертетін бірнеше мүмкіндік кездесті. Алайда таблодағы есеп сол күйінше өзгеріссіз қалды. Екінші кезеңде «Шахтердің» қақпасына тағы да төрт гол соғылды. Оны Данило Д’Амброзио 64, Лаутаро Мартинес 74, Ромелу Лукаку 78, 83-минуттарда қақпаға енгізді. Осылайша «Интер» 5:0 есебімен жеңіске жетті. Бұдан бұрын финалға Испанияның «Севилья» командасы жолдама алған болатын. Ол 16 тамызда Англияның «Манчестер Юнайтед» командасынан 2:1 есебімен басым түскен болатын. Финал 21 тамызда Кёльн қаласындағы «Рейн Энерги» стадионында болады.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия