jasqazaq.kz

Еуропа Қытайда тараған коронавирустан қауіптеніп отыр

22 қантар 2020, 22:10

Еуропалық аурлардың алдын алу және бақылау орталығы Қытайда тараған коронавирустың Еуропаға тарау тәуекелін «төменнен» «орташа» деңгейге көтерді.Аталған орталық мұндай қадамға қытайлық сарапшылардың коронавирустың адамнан адамға жұғатындығын растағаннан кейін барып отыр.Бұл туралы   ҚазАқпарат хабарлады.

«Инфекцияның таралу көзі белгісіз және ол әлі де болса белсенді болуы ықтимал. Осыған байланысты Уханға сапарлап, вирус жұқтырғандармен тығыз байланысты болған адамдардың оны жұқтыру ықималдығы орташа деп есептелінеді», — делінген ұйымның бүгін таратқан ақпаратында.

Еуропаға саяхаттаушылардың вирусты импорттау ықтималдығы Қытайға сапарлардың жиілуімен және Қытай жаңа жылының тойлануымен байланысты болып отыр.

Айта кетерлігі, Еуропалық одақтың үш әуежайына Қытайдың Ухан қаласынан тікелей әуе рейстері келеді. FlightConnections.com ресурсының мәліметіне сәйкес, олар: Лондонның «Хитроу», Париждің «Шарль де Голль» және Римнің «Фьюмичино» әуежайлары.

Осы мәлімдеме таралғаннан кейін-ақ Ұлыбритания билігі Уханнан Лондонға келетін барлық тікелей рейстерге мониторинг жасау шараларын күшейтті. Қытай қаласынан келген ұшақтар Хитроу ұшағындағы оқшауланған ауданда қабылданады. Бұған қоса, әуе кемесінің командирлеріне жолаушылардың ішінен науқастану белгілері анықталғаннан жағдайда ұшақ қонуға 1 сағаттан астам уақыт бұрын хабарлауға кеңес берілді.

Айта кетейік, 15 қаңтарда коронавирусты жұқтырғандар саны 41 адам болатын, көз жұмғандар – екі адам.

Ал 19 қаңтарда ауруға шалдыққандар 200-ге жуықтады, үш адам қайтыс болды.

20 қаңтарда 300-ге жуық адам есепке алынды.

«Осы жылдың 20 қаңтары сағат 24:00-дегі жағдай бойынша, коронавирустың жаңа үлгісіне шалдыққандар саны 291-ге жетті (270 – Уханда, бесеуі – Бейжіңде, 14-і – Гуандунь провинциясында (Оңтүстік Қытай), екеуі – Шанхайда. Қытайдың 14 провинциясында ауру жұқтыруы мүмкін 54 адам бар», — делінген болатын ҚХР ұлттық денсаулық сақтау ісі жөніндегі комиссиясының мәліметінде.

Пневмонияның өршуіне байланысты Қазақстанның аталмыш елмен шекараларында, әуежайларда бақылау күшейтілді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде