
FILE PHOTO: A passenger in a protective mask is seen at Rome’s Fiumicino airport, after first cases of coronavirus were confirmed in Italy, January 31, 2020. REUTERS/Yara Nardi
Air Astana Еуропа елдеріне ұшатын жолаушыларды коронавирус індетіне байланысты Германияға, Нидерландыға немесе Ұлыбританияға кіруге төмендегі талаптарды ескеруді сұрайды.
Індетке байланысты отбасы мүшелеріне барған туыстарына, сондай-ақ туристерге кіруге ерекше өкім шығарылғанға дейін тыйым салынады.
Тек ерекше жағдайда ғана (босану, үйлену, жерлеу рәсімдері, ауыр науқас кезіндегі көмек) тікелей туыстарына: жұбайына, кәмелетке толмаған балаларына немесе кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарына кіруге рұқсат етіледі.
Қазақстан азаматтарының белгілі бір Еуропа еліне кіруі туралы соңғы шешімді сол елдің көші-қон органдары қабылдайды.