jasqazaq.kz

Еуропа елдері ортақ армия құру қадамын жиілете түсті

22 қараша 2018, 16:57

Еуропа Одағы Сыртқы істер және қауіпсіздік жөніндегі арнайы өкілі Федерика Могерини Франция президенті ортаға салған «Еуропа армиясын» құру ісін қолға алып жатқандарын мәлімдеді. ЕО-ға мүше елдердің қорғаныс министрлері Бельгияның орталық қаласы Брюссельде бас қосты.

Қорғаныс өкілдері мен сыртқы істер министрліктерінің кеңесінен кейін жасалған мәлімдемеде «Еуропа армиясын» құру істері қолға алынғаны белгілі болды. Могеринидің айтуынша, Еуропа елдерінің қорғаныс саласындағы талпыныстары НАТО өңірдегі атқарған жұмыстарымен үйлестіру басты мақсат етілген. Себебі, Еуропа армиясы құрылып, ол ЕО-ға мүше елдердің қауіпсіздігін толық қамтамасыз ете алғанға дейін, аталған одақ НАТО-ның қорғауынан қол үзе алмайды. Осыдан бұрын НАТО бас хатшысы Столтенберг «Еуропалық армия» НАТО-ға балама күш бола алмайтынын айтқан. Яғни, ол Еуропа қауіпсіздігі ұзақ уақытқа дейін НАТО-дан қол үзе алмайды. ЕО тарабы «Еуропалық армия» құру НАТО-ның бұндағы атқарған жемісті қызметін тіпті де толықтыра түседі дегенді алға тартуда. «Біз Еуропа армиясын құруға талпынып отырмыз. Алайда, бұл жерде ешкім бұл туралы сөз қозғамай отыр. Мүше елдердің өңірде және әлемдегі қауіпсіздікті сақтауда тіпті де көп мүмкіндіктерге жетуі үшін инвестиция салуымыз керек», – деді Федерика Могерини.

“The Qazaq Times”

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді