jasqazaq.kz

Еуропа біріншілігі іріктеу кезеңінің күнтізбесі жарияланды

03 желтоқсан 2018, 13:54

УЕФА футболдан 2020 жылғы Еуропа біріншілігі іріктеу кезеңінің ойын күнтізбесін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2 желтоқсанда Ирландия астанасы Дублин қаласында өткен Еуропа біріншілігі іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімінде Қазақстан I тобына түсіп, Бельгия, Ресей, Шотландия, Кипр және Сан-Марино құрамаларына қарсылас атанды. Жарыс ережесіне сәйкес әрбір құрама өзінің және сырт алаңда бес-бестен ойын өткізеді. Айта кетелік, аталмыш доп додасы 2019 жылдың наурызы мен қарашасы аралығына жоспарланған. Әрбір топтан бірінші және екінші орын алған құрамалар Еуропа біріншілігі финалдық кезеңіне тікелей жолдама алады. Ойын күнтізбесіне сәйкес Қазақстан іріктеу кезеңін өз алаңында бастайтын болды. Біздің құрама 21 қарашада Шотландия құрамасымен кездеседі. Бұл, іріктеу кезеңіндегі ең алғашқы ойын болып табылады.

Қазақстан құрамасының ойындар күнтізбесі:

21 наурыз: Қазақстан — Шотландия

24 наурыз: Қазақстан — Ресей

8 маусым: Бельгия — Қазақстан

11 маусым: Қазақстан — Сан-Марино

6 қыркүйек: Кипр — Қазақстан

9 қыркүйек: Ресей — Казақстан

10 қазан: Казақстан — Кипр

13 қазан: Казақстан — Бельгия

16 қараша: Сан-Марино — Қазақстан

19 қараша: Шотландия — Қазақстан.

2020 жылғы Еуропа чемпионаты тұңғыш рет 13 мемлекеттің қалаларында өтеді. Олардың қатарында Санкт-Петербург (Ресей), Лондон (Англия), Мюнхен (Германия), Баку (Әзербайжан), Рим (Италия), Копенгаген (Дания), Бухарест (Румыния), Амстердам (Голландия), Дублин (Ирландия), Бильбао (Испания), Будапешт (Венгрия), Брюссель (Бельгия) және Глазго (Шотландия) қалалары бар.

 

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді