jasqazaq.kz

EURO-2020: Англия мен Украина ширек финалға шықты

30 маусым 2021, 10:36

Футболдан Еуропа чемпионатының 1/8 финалы аяқталды. Ширек финалға соңғы екі жолдаманы Англия мен Украина иемденді.

Лондондағы «Уэмбли» стадионында Англия мен Германия құрамалары кездесті. Бірінші таймда есеп ашылмады. 75-минутта Рахим Стерлинг ағылшындарды алға шығарды.

Ал 85-минутта Харри Кейн Англияның екінші голын салды. Осылайша, ағылшындар 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Ал ширек финалға соңғы жолдаманы Швеция мен Украина сарапқа салды. Ойын украиналықтар пайдасына 2:1 есебімен аяқталды.

27-минутта Александр Зинченко шведтер қақпасына гол соқты. Үзіліске дейін швециялық жартылай қорғаушы Эмиль Форсберг есепті теңестірді.

Матчтің негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталып, жеңімпаз овертаймда анықталды.

Ойынның 99-минутында Маркус Даниэльссон қызыл қағаз алып, шведтер он ойыншымен қалды. Ал 121-минутта Артем Довбик гол соғып, Украина құрамасына жеңіс сыйлады.

Енді ширек финалда Англия мен Украина құрамалары кездеседі. Бұл кезеңдегі басқа жұптар: Бельгия — Италия, Дания — Чехия және Швейцария — Испания.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия