jasqazaq.kz

Еуразиялық үкіметаралық кеңесінде қандай мәселе талқыланды?

02 ақпан 2019, 10:56

Кеше Алматыда Премьер-Министр Б.Сағынтаев, Ресей Премьер-Министрі Д. Медведев, Беларусь Премьер-Министрі С. Румас, Қырғызстан Премьер-Министрі М. Абылгазиев, Арменияның вице-Премьер-Министрі М. Григорян және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Т. Саркисян Еуразиялық үкіметаралық кеңесіне қатысты.

Жиын әдеттегідей шағын және кеңейтілген форматтарда өтіп, онда сауда-экономикалық ынтымақтастық және Одаққа мүше мемлекеттер арасында өзара сауда-саттықты кеңейту, экономиканың жекелеген салаларында интеграциялық әлеуетті дамытуға қатысты 16 мәселе қаралды.

Шағын құрамда экономикалық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасқан үкімет басшылары Одаққа мүше мемлекеттер арасында тауар айналымын одан әрі ұлғайту, соның ішінде сауда-саттық, энегетика, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, салық және кеден саясаты салаларындағы заңнамалық нормаларды бірегейлендіру арқылы қол жеткізу мүмкіндіктерін, білім беру саласында бірқатар құжатты өзара мойындау жүйесін жетілдіру келешегі қаралды. Әсіресе ЕАЭО цифрлық күн тәртібі аясында жобаларды іске асыру тетіктеріне көңіл бөлінді.

Үкіметаралық кеңес мүшелері 2018 жылы Еуразиялық экономикалық одақтың мүше мемлекеттері арасында сауда-саттықты дамыту қорытындысын шығарды. Одақ елдеріндегі макроэкономикалық жағдайды қарастырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының тұрақты экономикалық дамуды одан әрі қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды тыңдады.

Қазақстан Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев 2018 жылы ортақ күш-жігермен активтер «қоржыны» жинақталғанын, оны алдағы уақытта да дамыту қажет екенін айтты. Оның айтуынша, ЕАЭО Цифрлық күн тәртібін іске асыру белсенді түрде пысықталды. Цифрлық бастамаларды басқару офисіне келешегі зор ондаған ұсыныс түсіп, олардың бірқатары бүгінде қаралып жатыр. Тұрақты негізде кедергілердің келісілген тізімі өзектендіріліп жатыр, өткен жылдың қорытындысы бойынша 17 кедергі жойылды. Сонымен бірге, алдағы екі жылға кедергілерді жоюдың жаңа Жол картасын әзірлеу қажеттілігі аталып өтті

Бұдан өзге, ЕАЭО-ға мүше елдердегі өзара сауда жағдайы, макроэкономикалық жағдай және тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар туралы, сондай-ақ Одаққа қатысушы елдер арасында жүйелі консультациялар өткізу туралы өкімдер қабылданды.

Жиын соңында армениялық қонақтар Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің алдағы жұмыстарына өз көзқарастарын білдірді. Әрі Еуразиялық үкіметаралық кеңестің келесі отырысы биылғы сәуір айының соңында – мамыр айының басында Ереванда (Армения) өтетіндігін, қазіргі кейбір мәселелер мен болашақта атқарылар шаруалар тағы да пысықталатындығын жеткізді. Ал Алматыда өткен жиынның нәтижелі болғанын баса айтты.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық