jasqazaq.kz

ЭЦҚ кілттерінің қолданылу мерзімі ұзартылды

14 тамыз 2018, 13:06

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қорғалған тасымалдағышта шығарылған электронды цифрлық қолтаңба кілттерінің қолданылу мерзімінің ұзартылуы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекеттік қызметтерді алушылар тіркеу куәліктерінің (электронды цифрлық қолтаңба кілттері) жеке куәлік, eToken PRO 72K, JaCarta, Kaztoken, Akey сияқты қорғалған тасымалдағыштардағы негізгі ақпарат 3 жылға дейін сақталады. Файлдық жүйеге шығарылған ЭЦҚ кілттерінің жарамдылық мерзімі өзгермейді, яғни 1 жылға беріледі. Өйткені файлдық жүйе сертификатталғандар санатына жатпайды, әрі жабық кілттерді ұзақ уақыт қауіпсіз сақтауға мүмкіндік бермейді. «ЭЦҚ кілттерінің жарамдылығын ұзарту азаматтардың қолайлығы үшін жүзеге асырылған шара. Егер де бұдан бұрынғы уақытта мемлекеттік қызметтерді пайдаланушылар кілттерді «электрондық үкіметтің» порталындағы жеке кабинет арқылы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ бөлімшелеріне жыл сайын барып мерзімін ұзартып отырған болса, ендігі уақытта ЭЦҚ-ны қайта шығару үшін үш жылда бір рет аталған бөлімшелерге баратын болады», — деп атап өтеді аталған компания баспасөз қызметінен. Естеріңізге салсақ, ЭЦҚ кілттерінің мерзімінің аяқталуына 30, 15, 7 күн қалғанда, пайдаланушының электронды поштасына (егер де ЭЦҚ кілтін алу барысында өтінімде поштасын көрсеткен болса) ЭЦҚ кілттерін қайта шығару керек екендігі туралы хабарландыру келеді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде