jasqazaq.kz

Этникалық қазақтарға азаматтық алу жеңілдемек

24 қантар 2019, 16:56

Этникалық қазақтарға Қазақстан азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен беру құқығын көздейтін заң жобасы биылғы мамыр айында Мәжіліс қарауына енгізіледі.

Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының ресми сауалына жауап берген ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев айтты. Үкімет басшысының жауабына сәйкес, көші-қон саясатының проблемаларын кешенді шешу мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасы әзірледі. ҚазАқпараттың хабарлауынша, заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының 2018 жылғы 16 қарашадағы 466-отырысында жоба мақұлданды. «Аталған тұжырымдамада Қазақстан Республикасына келген этникалық репатрианттарға қолайлы жағдайлар жасау, оның ішінде оралман мәртебесі жоқ немесе тоқтатылған этникалық қазақтарға Қазақстанда тұрған мерзіміне қарамастан, Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алуға құқық беру көзделген. Жоғарыда аталған заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне 2019 жылғы мамыр айында енгізу жоспарланған», — деді Бақытжан Сағынтаев.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде