jasqazaq.kz

Ет бағасы қымбаттады

20 қантар 2021, 11:36

2020 жылдың үшінші тоқсанында әрбір қазақстандық орташа есеппен 21,3 кг ет және ет өнімдерін тұтынды.

Бұл 2020 жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда 1 кг көп, ал 2019 жылдың үшінші тоқсанына қарағанда 1,4 кг көп, деп хабарлады energyprom.kz.

Етті тұтыну мөлшері Қазақстанның барлық аймағында өсті. Ет пен ет өнімдерін ең көп тұтынатындар Қарағанды ​​облысында тұрады, мұнда әр тұрғын орта есеппен 26,8 кг ет тұтынған. Одан кейінгі орындарда Ақмола облысының (25,4 кг) және Алматының (25,2 кг) тұрғындары тұр.

Елде ет бағасы да едәуір қымбаттады. Осылайша, ет пен ет өнімдерінің барлық түрінің бөлшек саудадағы бағасы бір келі үшін 789 теңгеге дейін өсті. Бір жыл ішінде әсіресе қой еті қымбаттаған: бірден 16,2%-ке, бір келісі үшін 1990,3 теңгеге дейін.

Жылқы еті де қымбаттады: 11,9%-ке, 1 келі үшін 2271,8 теңге. Сиыр еті 8 процентке қымбаттап, бір келісінің құны 1947,4 теңгеге жетті.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия