jasqazaq.kz

Эстрада жұлдыздары тағы да карантин ережелерін бұзды (видео)

05 сәуiр 2021, 12:07

Әлеуметтік желіде еліміздің бір топ әншілері карантин талаптарына қарамастан той тойлатып, мейрамхана төрінде ән шырқап жүрген видеолары тарады. Белгілі әнші, композитор Нұрлан Еспановтың ұлы өзінің Instagram-парақшасында думанды тойдың қызықтарымен бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұған дейін жергілікті әкімдіктер той өткізу шараларын кейінге шегеріп, халықты карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырған. Алайда шенділердің мұндай құлаққағысына өнер иелері мен тіпті шенеуніктің өздері де бағынар емес.

Тойға келген қонақтардың ортасында өнер көрсеткен әншілердің қатарында Қазақстанның халық артисі Роза Рымбаева мен былтыр ғана мемлекеттік қызметке тағайындалған Шымкен қалалық мәдениет үйінің басшысы Сәкен Майғазиев те бар.

Бұдан бөлек Абай Бегей, Айдана Меденова, Жазира мен Жанболат, Әбдіжаппар Әлқожа, Төреғали Төреәлі, Нұрлан Еспанов сынды эстрада жұлдыздары да той төрінде ән шырқаған. Алайда той иелері мен кештің қай қалада өткені белгісіз.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия